Ақпараттық хабарлама

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ 10 жыл мерзімге мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ хабарламаның (хабарлама) бірінші жариялымынан күнтізбелік отыз күн кезеңі бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады. Өтінімдерді қабылдау күнінен бастап 15 жұмыс күн ішінде осы конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылданады. 2019 жылдың 30 желтоқсаннан бастап 2020 жылдың 22 қаңтарын қоса өтінімдерді қабылдау жүзеге асырылады. Нәтижелерді шығарған күн конкурстың соңғы күні болып саналады. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні конкурстың нәтижесі шығарылады.

Конкурстың өтетін орны және күні, уақыты: СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 197, 3-қабат, отырыс залы мекенжайы бойынша Тайынша ауданы әкімдігінің ғимаратында 2020 жылдың 23 қаңтарында 10 сағат 00 минутта конкурстың нәтижелері шығарылады.

Конкурстың шарттары:

ҚР Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес, жер комиссиясы шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсты өткізеді.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім міндетті түрде тіркеу нөмірі беріліп және өтінім берушіге хабарлама беріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін — заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің — заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
  2. жеке тұлғалар үшін — өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
  3. өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
  4. конкурстық ұсыныс;
  5. өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттемелер.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста болу керек:

  1. бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны);
  2. шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
  3. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныс, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы конкурстық ұсынымды беру жағдайларынан басқа, нөмірленген беттерімен тігілген түрде «2020 жылдың 23 қаңтарына дейін ашылмасын» жазбасы көрсетілген, жабық конвертте ұсынылады.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім талаптарға сәйкес келмесе, қабылдамай алып тастауға жатады.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтерді және қосымша ақпаратты Тайынша ауданы әкімінің www.tsh.sko.gov.kz, «СҚО Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ ozo-tsh.sko.gov.kz сайтында немесе 8 (71536) 2-26-97, 2-21-85 тел. бойынша алуға болады.

Лот № Жер телімінің қысқаша сипаттамасы Алаңы, га Мөлшерленген орташа бонитет баллы Жер телімінің орналасқан жері
1 Егістік: егіс даласы: № 1-210 га, №2 — 221 га, №3 — 308 га, №4-279 га, табиғи жайылымдар 4 кос. — 1 га, кос. 2 — 4 га, 2 кос — 18, 3 кос. — 75 га, кос. 1 — 5 га, жақсартылған жайылымдар 1-1 — 45 га, 8-1 — 156 га, 8-2 — 47 га, бұтақтар — 1 га, жолдар — 5 га 1375 23,8 Амандық ауылдық округі
2 Тыңайма: егіс даласы: №6 — 303 га, №5 — 258 га, жолдар 3 га 564 27,0 Амандық ауылдық округі
3 Егістік: егіс даласы: № 13 — 325 га, №15 — 306 га, №16 — 117 га, бұтақтар — 3 га, орман жолақтары — 2 га, жолдар — 2 га 755 44,0 Донецк ауылдық округі
4 Егістік: егіс даласы: № 8-1 — 155 га, №8-2 — 64 га, №9 — 287 га, №14-1 — 254 га, №14-2 — 131 га, табиғи жайылымдар кос. — 38 га, бұтақтар — 3 га, саз — 8га, жолдар — 4 га 944 40,0 Донецк ауылдық округі
5 Егістік: егіс даласы: №3 — 324 га, №4 — 206 га, табиғи жайылымдар: кос. 3 — 8 га, кос 4 — 5 га, бұтақтар — 2 га, жолдар — 2 га, саз — 2 га   549 43,0 Донецк ауылдық округі
6 Егістік: егіс даласы: №2 — 239 га, №1-1 — 161 га, №1-2 — 138 га, табиғи жайылымдар: кос2 — 8 га, кос 1-2 — 6 га, кос 1-1 — 1 га бұтақтар — 2 га, жолдар — 2 га,саз — 2 га 559 37,4 Донецк ауылдық округі
7 Егістік: егіс даласы: № 19 — 355 га, №21 — 60 га, жолдар — 1 га 416 60,4 Донецк ауылдық округі
8 Егістік: егіс даласы: №22 — 375 га, №-21 — 312 га, жақсартылған жайылымдар: 4-1 — 47 га, жолдар — 1 га 735 43,1 Донецк ауылдық округі
9 Егістік: егіс даласы: №9 — 344 га, Жақсартылған жайылымдар: 3-1-8 га, табиғи жайылымдар: кос 1 — 1 га, кос 2 — 5 га, жолдар — 2 га, басқа — 8 га 368 46,5 Донецк ауылдық округі
10 Егістік: егіс даласы: №25 — 387 га, табиғи жайылымдар кос1 — 17 га, жолдар — 1 га 405 42,5 Большеизюм ауылдық округі
11 Егістік: егіс даласы: № 8 — 265 га, жолдар — 2 га 267 58,9 Большеизюм ауылдық округі
12 Егістік: егіс даласы: №21 — 29 га 29 44,9 Келлер ауылдық округі
13 Егістік: егіс даласы №6 — 422 га 422 43,4 Алабота ауылдық округі
14 Егістік: егіс даласы: №4 — 39 га. Жақсартылған жайылымдар: №4-2 — 56 га, табиғи жайылымдар кос. — 1 га, жолдар — 1 га 97 24,8 Алабота ауылдық округі
15 Табиғи жайылымдар : егіс даласы: №2-2 — 48 га, 2-1 — 27 га, 1-2 — 57 га, су асты — 1 га, жолдар — 1 га 134 5,6   Теңдік ауылдық округі,
 Бірлік а.,
16 Табиғи жайылымдар: егіс даласы Г7-3,4 — 366 га, №20-1 — 14 га, №20-2 — 81 га, №15-1 — 254 га, №Г6-1,2,3,4 — 100 га 815 9,1 Тихоокеан ауылдық округі
17 Тыңайма: егіс даласы №41 — 15 га, табиғи жайылымдар: егіс даласы: №Г6-1,2,3,4 — 660 га, №16-4 — 209 га, №15-6 — 7 га, №16-3 — 10 га, №16-2 — 70 га, №16-1 — 24 га, Г10-4 — 30 га, су асты 324 га, жолдар 4 га, № басқа 54 га 1407 9,1 Тихоокеан ауылдық округі
18 Тыңайма: егіс даласы: №57 — 54 га 54 59,1 Тихоокеан ауылдық округі
19 Тыңайма: егіс даласы №30-2 — 122 га, жақсарт. жайылым: егісдаласы №21-3 — 34 га 156 24,7 Амандық ауылдық округі
20 Тыңайма: егіс даласы №32 — 42 га 42 51,7 Тихоокеан ауылдық округі
  Барлығы алаңдар 10093    
  Егістік (га) 7107    
  Жайылымдар (га) 2543    
  Басқа, су асты, жолдар, бұтақтар, балшық (га) 443    
29.11.2019
Қараулар: 1903
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет