Ақпараттық хабарлама

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ 10 жыл мерзімге мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурс өткізеді.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ хабарламаның (хабарлама) бірінші жариялымынан күнтізбелік отыз күн кезеңі бойынша конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдау басталады. Өтінімдерді қабылдау күнінен бастап 15 жұмыс күн ішінде осы конкурсқа қатысуға өтінімдер қабылданады. 2019 жылдың 08 шілдесінен бастап 2019 жылдың 26 шілдесін қоса өтінімдерді қабылдау жүзеге асырылады. Нәтижелерді шығарған күн конкурстың соңғы күні болып саналады. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді беру мерзімі аяқталғаннан кейін келесі күні конкурстың нәтижесі шығарылады.

Конкурстың өтетін орны және күні, уақыты: СҚО, Тайынша ауданы, Тайынша қаласы, Қазақстан Конституциясы көшесі, 197, 3-қабат, отырыс залы мекенжайы бойынша Тайынша ауданы әкімдігінің ғимаратында 2019 жылдың 29 шілдесінде 18 сағат 00 минутта конкурстың нәтижелері шығарылады.

Конкурстың шарттары:

Шаруа немес фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша конкурсты жер комиссиясы ҚР Жер Кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес өткізеді.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім міндетті түрде тіркеу нөмірі беріліп және өтінім берушіге хабарлама беріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште немесе «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы беріледі.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімде:

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғалары үшін – заңды тұлғаның атауы, оның тұрған жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі (қайта тіркелуі) туралы мәліметтер, жарғылық капиталдағы (жарғылық капиталдың жалпы мөлшерінен) үлестерінің мөлшері көрсетіле отырып, өтінім берушінің – заңды тұлғаның басшылары мен қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер, өтінім берушінің үлестес тұлғалары туралы мәліметтер;
  2. жеке тұлғалар үшін – өтінім берушінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса), тұрғылықты жері, азаматтығы, жеке сәйкестендіру нөмірі, өтінім берушінің жеке басын куәландыратын құжат туралы мәліметтер;
  3. өтінім беруші үміттеніп отырған жер учаскесінің орналасқан жері;
  4. конкурстық ұсыныс;
  5. өтінім беруші шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурстың жеңімпазы деп танылған жағдайда, шаруа немесе фермер қожалығын не ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдерін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) шартына қол қою қажеттігі туралы хабарламаны алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде көрсетілген шартты жасасу жөніндегі міндеттеме қамтылуға тиіс;
  6. банкілік кепілдік немесе тартылған инвестициялар көлемін растау туралы қаржылық институттың несиелік комитетінің оң шешімі.

Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінімді жеке тұлғаның немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғасының уәкілетті өкілдері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген және ресімделген сенімхаттың негізінде ұсына алады.

Конкурстық ұсыныста болу керек:

  1. бизнес-жоспар (инвестициялардың болжамды көлемі, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру алаңдары, ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы, қолданылатын агротехнологиялар, ауыл шаруашылығы техникасы мен технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы саласындағы білікті мамандардың болуы, ашылатын жұмыс орындарының саны); 
  2. шаруашылықішілік жерге орналастыру жобасын жасау және игеру, ауыл шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту іс-шараларын орындау жөніндегі міндеттемелер;
  3. ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын қоса алғанда, Қазақстан Республикасы жер заңнамасының талаптарын орындау, өңірдің мамандануына сәйкес ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алаңдары құрылымын әртараптандыру бойынша индикативтік көрсеткіштерді орындау, ғылыми негізделген агротехнологияларды, фитосанитариялық және карантиндік талаптарды сақтау жөніндегі міндеттемелер қамтылуға тиіс.

Конкурстық ұсыныс, беттері нөмірленіп, тігілген түрде, жабық конвертте ұсынылады.

Конкурстық ұсыныммен жабық конвертте «Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға) құқығын беру бойынша конкурс» және «2019 жылдың «29» шілдесіне дейін: Ашылмасын» жазбасы көрсетіледі.

Талаптарына сәйкес келмейтін, шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім қабылдамай тастауға жатады.

Конкурсты өткізу тәртібі туралы мәліметтерді және қосымша ақпаратты Тайынша ауданы әкімінің www.tsh.sko.gov.kz, «СҚО Тайынша ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» КММ www.ozo-tsh.sko.kz сайтында немесе 8 (71536) 2-26-97, 2-21-85 тел. бойынша алуға болады. 

Лот № Жер телімінің қысқаша сипаттамасы Алаңы га Жалгерлік мерзімі Жер телімінің орналасқан жері
1 Жайылым: егіс даласы №13-3-501, жолдар – 1 га 502 10 жыл Тихоокеан ауылдық округі
2 Егістік: егіс даласы №47 – 25 га 25 10 жыл Тихоокеан ауылдық округі
3 Табиғи жайылым: егіс даласы №1-27 га., №2 – 144 га, №3-4 – 9 га, №3-3 – 27 га, №3-2 – 5 га, №3-1 – 62 га, жолдар – 1 га 275 10 жыл Тихоокеан ауылдық округі
4 Табиғи жайылымдар: егіс даласы №9-3-2 -168 га, кос. – 6 га, ГЗ-541 га, Г-1 – 285 га, бұтақтар– 10 га, батпақ – 6 га, жолдар-6 га басқа– 4 га 1026 10 жыл Летовочный ауылдық округі
5 Табиғи жайылымдар: кос – 6 га, жақсартылған жайылымдар – 130 га 136 10 жыл Летовочный ауылдық округі
6 Тыңайма: егіс даласы №5-1 – 31 га 31 га 10 жыл Келлеровка ауылдық округі
7 Тыңайма: егіс даласы № 8-2-35 га 36 10 жыл Летовочный ауылдық округі
8 Тыңайма: егіс даласы №16-2-38 га, жайылымдар кос – 10 га 48 10 жыл Летовочный ауылдық округі
9 Тыңайма: егіс даласы № 24-2 – 91 га., №24-1-89 га., жайылымдар: егіс даласы №8-2-44 га, жолдар-1 га кос. – 19 га, бөтен. – 12 га 244 10 жыл Летовочный ауылдық округі
10 Тыңайма: егіс даласы №8-1 – 46 га 46 10 жыл Летовочный ауылдық округі
11 Тыңайма: егіс даласы № 32-1-135 га., кос. – 5 га., батпақ – 1 га, бөтен. – 2 га 141 10 жыл Летовочный ауылдық округі
12 Тыңайма: егіс даласы № 34-3 – 22 га, кос. – 1 га, бөтен. – 5 га 23 10 жыл Летовочный ауылдық округі
13 Тыңайма: егіс даласы №34-2 – 16 га, кос. – 1 га, бөтен. – 2 га 17 10 жыл Летовочный ауылдық округі
14 Тыңайма: егіс даласы №15 – 44 га, жайылымдар: егіс даласы №6 – 5 га 49 10 жыл Драгомировка ауылдық округі
15 Тыңайма: егіс даласы № 13 – 81 га, жолдар – 1 га 82 10 жыл Мироновка ауылдық округі
16 Тыңайма: егіс даласы №16 – 70 га, кос. – 6 га, басқа – 10 га 80 10 жыл Абай ауылдық округі
17 Тыңайма: егіс даласы №1 – 245 га. 245 10 жыл Абай ауылдық округі
18 Тыңайма: егіс даласы №64-2 – 121 га, жайылымдар: кос – 12 га, бұтақтар – 1 га, жолдар – 1 га 135 10 жыл Абай ауылдық округі
19 Тыңайма: егіс даласы №55 – 291 га, жолдар – 1 га 292 10 жыл Абай ауылдық округі
20 Тыңайма: егіс даласы №30-2 – 122 га, жақсарт. жайылымдар:егіс даласы №21-3 – 34 га 156 10 жыл Амандық ауылдық округі
21 Тыңайма: егіс даласы №32– 42 га 42 10 жыл Тихоокеан ауылдық округі
22 Тыңайма: егіс даласы №14-2 – 15 га., жақсартылған жайылымдар: №2-1 – 48 га, табиғи жайылымдар: егіс даласы №2-1, 2 – 2 га, көпжыл. екпелер. – 5 га, басқа – 1 га, жолдар – 5 га 72 10 жыл Краснополян ауылдық округі
23 Тыңайма: егіс даласы №4-2, 4-3 – 230 га, жолдар – 1 га, орман жолақтары – 4 га, басқа – 4 га 235 10 жыл Краснополян ауылдық округі
24 Тыңайма: егіс даласы №5-2, 5-3 – 236 га, жолдар-3 га., орман жолақтары – 6 га 245 10 жыл Краснополян ауылдық округі
25 Жайылым: егіс даласы №16-2 - 70 га 70 10 жыл Абай ауылдық округі
26 Табиғи жайылым: егіс даласы №2 шаб., шаб., 1, 34-41 га., жақсартылған жайылым: егіс даласы №4-2-65 га., батпақ – 11 га 117 10 жыл Абай ауылдық округі
27 Жайылым – егіс даласы №18-4-20 га 20 10 жыл Абай ауылдық округі
28 Жайылым – егіс даласы №23-2 28 га., №г-33-22 га 50 10 жыл Абай ауылдық округі
29 Жайылым – 34 га., бұтақтар – 1 га 35 10 жыл Абай ауылдық округі
30 Жайылым: егіс даласы №г4 – 60 га., батпақ – 5 га 65 10 жыл Абай ауылдық округі
31 Жайылым: егіс даласы №Г-3-4 – 6 га., №3-3 – 32 га., батпақ – 1 га 39 10 жыл Абай ауылдық округі
32 Жайылым: егіс даласы №Г-33 – 41 га 41 10 жыл Абай ауылдық округі
33 Жайылым: егіс даласы №1кос – 2 га., жақсартылған жайылым: егіс даласы №11 – 41 га 43 10 жыл Абай ауылдық округі
34 Егістік: егіс даласы №6-110 га; жайылым егіс даласы №4-2, 3-3, шаб.4, гу-34-49 га, батпақ-2 га 161 10 жыл Абай ауылдық округі
35 Жайылым: егіс даласы №2 шаб. –2 га., жақсартылған жайылым: егіс даласы №3-1 22 га., әр түрлі – 3 га 27 10 жыл Донецк ауылдық округі
  Барлығы – 4851 га., оның ішінде егістік – 2136 га, жайылым – 2607 га      
07.06.2019
Қараулар: 1425
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет