«Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Краснополян ауылдық округiнiң 2020-2022 жылдарға арналған бюджетiн бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының шешiмiнiң жобасына пресс-релиз

Осы нормативтiк-құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiздемесi Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексiнiң 9 және 75-баптары, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы болып табылады.

Мәслихаттың осы шешiмдi қабылдаудың мақсаты-мемлекеттiк органның мiндеттерiн iске асыру, ауылдық округтiң әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.

Краснополян ауылдық округiнiң 2020-2022 жылдарға арналған бюджет кiрiстерi Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң ережелерiн және басқа да нормативтiк-құқықтық актiлердi ескере отырып, 2017-2018 жылдардағы есептелiнген және төленген салық сомалары, 2019 жылғы бағалау есепке алынып, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 52-1-бабының негiзiнде есептелген.

Краснополян ауылдық округiнiң 2020 жылға арналған бюджет түсiмдерiнiң болжамды көлемi 5433,0 мың теңге, 2021 жылға — 5705,0 мың теңге, 2022 жылға — 5933,0 мың теңге сомасында белгiлендi.

2020 жылға аудандық бюджеттен 11464,0 мың теңге, 2021 жылға — 9661,0 мың теңге, 2022 жылға — 9734,0 мың теңге сомасында субвенция түсiмi жоспарлануда.

Краснополян ауылдық округi бюджетiнiң жалпы көлемi 2020 жылға 16897,0 мың теңгенi, 2021 жылға 15366,0 мың теңгенi, 2022 жылға — 15667,0 мың теңгенi құрайды.

Нормативтiк-құқықтық актiнiң жобасын қабылдау терiс әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешiм жобасы «Электрондық үкiмет» порталында ашық НҚА бөлiмiнде орналастырылған.

Краснополян ауылдық округiнiң әкiмi м.а. Т. Жомартов

22.10.2019
Қараулар: 1408
coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділет